Русский Сайттың толық нұсқасы

Кәсіпкерлерге қолдау бере түсетін меморандум қабылданды

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2016
  • 2904

«Нұр Отан» партиясы мен «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы жұмысын жүйелендіре түсті. Бизнестің мүддесін одан әрі қорғай түсу үшін ынтымақтастық жөнінде меморандум қабылдады. Тиісті құжатқа партия төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед пен палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қол қойды. Айта кетерлігі, қос тарап отандық кәсіпкерлікті қолдау бағытында бұған дейін де талай істің басын қайырды. Ал меморандум сол шаруалардың үйлесімділігін арттыра түспек.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының басқарма төрағасы:

«Нұр Отан» партиясымен осындай келісімшартқа қол қою, осындай үлкен жоспарға бет бұру - бізге үлкен жетістік, бір жағынан жауапкершілік, оны жақсы түсінеміз. Өздеріңіз бастаған жетекші күш, қостаған біз Атамекен, меніңше, Елбасының қойған тапсырмасын орындауға дайынбыз. Бүгінгі келісімшартымыз осыған қосылады деп айтамын. 

Мұхтар Құл-Мұхаммед Мемлекет басшысының 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясында көрсетіп берген басты тапсырмаларының бірін еске салды. Ол - жалпы ішкі өнімінде шағын және орта бизнестін үлесін 50 пайызға дейін арттыру. Сонымен қатар партия алдына 2021 жылы елімізді «Doing Business» рейтінгі бойынша ТОП-25 мемлекеттің қатарына қосу міндетін қойып отыр. Бүгінде елде 1 млн 300 мың кәсіпкер кәсібін дөңгелетіп жүр. Отандық тауар өндірішілерді қолдау мақсатында Астанда алғашқы «Самғау» атты сауда үйі ашылған. Бүгінде ол жерге 300-ден астам кәсіпорын тауарын қоюға ниет білдірген. 

Қайырлы Тәукен, кәсіпкер:

Астана қаласында 5000 шаршы метрде 100-ден астам кәсіпорын өзінің тауарларын қойып толтырды. Алда да толуына байланысты 15 мың шаршы метр бар. Соны сұранысқа байланысты отандық тауарды бір жерге жинасақ дейміз. Себебі біздің тауарлар басқа сауда орындарында әр жерде шашыраңқы көрініс тапқан. Егер оны біз бір жерге жинайтын болсақ, оның дұрыс нарыққа енуіне де және көпшіліктің алдында көз тоятын қылып көрсету.

Айгүл ӘДЕПБАЙ