Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда жас келіншек биіктен секіріп кетті

  • AstanaTV
  • 30 маусым 2022
  • 1211

Оралда 24 жастағы келіншек 10- қабаттан секіріп кетті. Оның не себепті өзін өлімге қиғаны әзір белгісіз. Оқиға куәгерлері ешқандай айқай-шуды естімедік дейді. Әлдененің жерге құлағанын байқап, төменге үңілгенде ғана жерде жатқан жансыз денені көрдік деп отыр. Олардың айтуынша, марқұм бұрын осында пәтер жалдап тұрған. Кейін тұрмысқа шыққасын, басқа жерге қоныс аударыпты. Бірақ келіншектің бұрынғы үйіне қайта келіп, өзіне қол жұмсауына не себеп болғанын түсіне алар емес.  Көршілері бұған отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін дейді.

Анжела ОҚИҒА, КУӘГЕРІ:

Марқұмды сырттай танимыз. Жердегі денесін бірден таныдық. Қасында быт-шыт болып сынған телефоны мен көзілдірігі жатты. Иығына ілген сөмкесі мен әлдебір дәрілер шашылып жатқанын байқадым. Менің білуімше, оның екі баласы бар. Үлкені төртте, кішісі бір жастан енді асты.


Аймақтың полиция департаменті осы оқиға бойынша өзін-өзі өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғады. Марқұмның денесін сот-медициналық  сараптама жасауға жіберген.

Лунара АМАНҒАЛИЕВА, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

Апат салдарынан 1998-жылы туған азаматша оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша қазіргі таңда ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Е. Карин