Русский Сайттың толық нұсқасы

Баянауылда көлдің жалға берілгенін әкімдікте білмейді

  • AstanaTV
  • 30 маусым 2022
  • 1925

Баянауылда тұрғындар Құндыкөлін жалға беруге қарсы шықты. Айтуларынша, елді-мекенде бұдан өзге су көздері жоқ. Ауыл халқы төрт түлігін осы көлге апарып суарады. Тұрғындар көлді жалға алса, иесі маңына да жолатпайды – деп зар қағып отыр. Ал көлдің жалға берілгенін жергілікті әкімдіктің өзі де білмей қалған. Әкімдікке айтпай көлді жалға берген кім? Тілшіз Өзгеріс Қуанар мәселенің мән-жайын анықтауға тырысты.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Халықтың наразылығын тудырған осы көл. Тұрғындар бұл көлді жалға беруге үзілді-кесілді қарсы. Өйткені, елді-мекенде бұдан өзге су көздері жоқ. Сондықтан ауыл халқы төрт түлігін қайда апарып суарарын білмей отыр.

Құндыкөл ауылында 500-ден аса халық тұрады. Елді-мекеннің негізгі тіршілік көзі алдындағы төрт түлігі ғана. Малмен ғана күн көріп отырған ағайынға көл ауадай қажет.

Теміртай АРЫСТАНБЕКОВ, ҚҰНДЫКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Күн көріп отырғанымыз осы көл. Халықтың 10 %  жұмыс істейді. Қалғандарымыздың бәрі осы балаларымызды оқытсақ та малмен, көмір алсақта малмен, бәрі малмен осы. Сол малды суартпаймыз. Мына жақты қоршаймыз - деп будка әкеліп қойыпты. Ол қандай құдайлар.


Айтмұхамбет ОРАШЕВ, ҚҰНДЫКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Земельный кодектсе жазулы тұр. До 5-ти км халықтың жері. Халық күн көру керек. Қалай енді қотанда тұрған көлді халықпен ақылдаспай сатып жіберді. Халықпен ақылдасу керек ғой. Енді біраздан кейін халықты да сатып жіберетін шығар енді.


Ауыл іргесіндегі көл өткен жылы жалға беріліпті. Алайда мұны ауылдағы ағайын түгілі, әкімдіктің өзі білмей қалса керек.

Қуандық ИВАШЕВ, ҚҰНДЫКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Әкім білмейді, районный әкім білмейді. Мынау сонда қайда ойнатылған мынау? Халық ешкім білмейді. Халықтан ешкім сұрамаған. Көлді бермейміз. Біз ешқандай шартқа келіспейміз. Көлді бізге қайтарып берсін болды.


Қинаятолла ТӘЛІПОВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ АППАРАТ БАСШЫСЫ:

Біз конкурс өткеннен кейін ғана жалға берілгенін аудандық жергілікті акимат сол кезде ғана біліп отырмыз. Халық өзі жазбаша 200-ден артық адам қол қойған өтініштері жазып бізге берді. Біз оны облыстық арнаулы басқармаға жібердік. Қазіргі күні жауабын тосып отырмыз. Біз халықтың айтқан ұсыныс тілектерімен қосыламыз.

Ал көлді өңіраралық балық инспекциясы конкурсқа шығарған. Заңда ескерту жағы қарастырылмаған - деп отыр.

Сағын ТӨЛЕУТАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Заң аясында көлде демалуға шаруашылық ауыз суын қамтасыз етуге, не болмаса малын суаруға ешқандай тиым жоқ. Ол көлде малу суаруға да болады. Бірақ, оны суарудың талабы бар. Арнайы суару алаңы болу керек. сантиарлық алаңды ескер отырып, сол көлде малда суаруға болады.

Басқарма өкілдері көлді қайтарып алуға әзірге құқықтары жоқ екенін айтады. Егер көлге қоршау қойылып, тұрғындардың мал суаруына кедергі келтірсе ғана қайтарып ала алатындарын жеткізді. Оның өзінде де көлдің халыққа қайту-қайтпауын облыс әкімдігі шешпек.

Ө. Қуанар