Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» партиясы жанынан Агроөнеркәсіптік кешен комитеті құрылмақ

  • AstanaTV
  • 30 маусым 2022
  • 1088

«AMANAT» партиясы жанынан  еліміздің барлық аймақтарында агроөнеркәсіптік кешен комитеті құрылмақ. Оның құрамына мемлекеттік орган қызметкерлерімен бірге  шаруалар да кіреді. Осылайша ауылдағы шаруагерлердің өздерінен  өзекті мәселелерді білу арқылы, шешуге ықпал етпек. Бұл туралы бүгін  Атырау қаласында өткен республикалық комитеттің отырысында  айтылды. Жиынға сондай-ақ Батыс Қазақстан,  Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының сала мамандары мен фермерлері онлайн  қатысты.  Еліміздің батысындағы төрт өңір шаруалар алаңдатқан  мәселелерді ортаға салды.

Едіге САБУРОВ, АРДАГЕР ГИДРОГЕОЛОГ:

Жер асты суларын ауыл шаруашылығына пайдалану туралы айттым. Сол енді жүзеге асу керек. Себебі жүзеге аспайтын  жағдайы жоқ, тығырыққа тіреліп болды. Шешуіміз керек, немесе ауыл шаруашылығы туралы, мал шаруашылығы туралы әңгімені қоюымыз ке рек. Төменнен бастап проблемаларды жинақтап, ауыл көлемінде, аудан көлемінде, облыс көлемінде  қорытындылап, жинақтап апарып тапсырып, сол арқылы  шешкен, меніңше, өте дұрыс жасалып отырған мәселе.  

Партия жанындағы комитетті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT»   партиясының фракция мүшесі Қайнар Абасов басқарады. Жиында әр облыс ауыл шаруашылығы бағдарламасын құру туралы тоқтамға келді.  Онда ауыл шаруашылығы мамандары мен шаруалардың ұсыныстары енгізіледі.

Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
 
Өңірлердің ауыл шаруашылығы мәселесі  бір облыстың екінші облысқа ұқсамайды. Мысалы, Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстары айтып отыр жем-шөп қажеттілігі, соған сәйкес мемлекеттің көмегі, Атырау, Маңғыстау айтып отыр  бізге су жетпейді, сол мәселені шешіп алайық,-  деп. Осы 4 өңірде бүгін шешім қабылдадық. Облыстың ауыл шаруашығы бағдарламаларын жасақтау. Осыған байланысты «AMANAT»   партиясы араласып, осы бағытты бастайтын болады. Мен ойлаймын жақын арада оның нәтижесін көреміз. Бұған байланысты жалпы елдің ауыл шаруашылығы саясаты өзгереді ғой деп сенеміз.


Б. Надірқызы