Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысында пайдаланылмай жатқан жер мемлекетке қайтарылуда

  • AstanaTV
  • 01 шілде 2022
  • 1621

Ақтөбе облысында “Жер аманаты” комиссиясы жұмысының аясында үш аптаның ішінде пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген 20 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Кей шаруалар меншігіндегі бос жатқан жерді өз еркімен халық игілігіне тапсырып жатыр. Бұл жөнінде «Жер аманаты» комиссиясының Қобда ауданына сапары кезінде айтылды. Комиссия төрағасы,  «АMАNАT» партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек бұл бағыттағы жұмыс еліміздің өзге өңірлерінде  де жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Қобда ауданында мал шаруашылығы кеңінен дамыған. Шаруа қожалықтарынан бөлек, жекенің қолындағы мал саны жыл сайын артып келеді. Сәйкесінше, ауданда жайылым жер тапшы. «Алтын дала» шаруа қожалығының иесі Сәндібай Әлитұрлиевтың 1 мың жарым гектар жері бар. 200 бас жылқы, 3 мыңнан астам қой бағады. «Малым жайылымға сыймай жатыр.  Шөп шабу үшін жерді жалға алуға мәжбүрмін», - дейді ол. Соған қарамастан, шаруа өзінің иелігіндегі ауылға жақын жерлерді мемлекетке өткізген.

Сәндібай ӘЛИТҰРЛИЕВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Осы ауыл қасындағы 1 мың га жерді қайтарып бердік жақын арада, оны халық пайдалансын деп, кәдімгі шаруа қожалығы жоқ адамдарға өз малын бағуға. Өзіміз енді даладан болса да соған взамен жер берілетін шығар деп ойлаймыз.


Халық «Жер аманаты» комиссиясы мүшелерімен кездесуде   аймақ тұрғындары үшін маңызды, жерге қатысты біраз мәселені көтерді.
 
Жауғашты ЖҰМАҒАЛИЕВ, ҚОБДА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Көп ауылда ауыл іргесінде қойлы-лақтарын баға алмайды, анаған түсіп кетсе, сен менің жеріме түсіп кеттің, бақшамды бүлдірді деп штраф салады. Осыған көп көңіл бөлсе. Баяғыда заң болды. Ауыл айналасындағы 10-15 км жерді сатуға да, ешкімге беруге де жоқ деген. Ол қоғамдық меншік дейтін.

Қобда ауданында биыл 2 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған. Ал, облыс бойынша, жыл басынан бері 98 мың гектар жайылым жер әкімдіктің меншігіне өтті, дейді ауыл шаруашылығы басқармасының маманы. Бұл телімдер конкурс арқылы халыққа беріледі.

Асылхан ӘБТИЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Биылдан бастап, жер кодексіне өзгеріс енгізілді. Сол Кодекске сәйкес, егер конкурста жергілікті халық немесе жергілікті бизнесмен қатысқан жағдайда, оларға приоритет преимущества, яғни  басымдық соларға беріледі.

«Жер аманаты» комиссиясы жерді қайтару бойынша ғана емес, жерді өңдеу, егістікке қатысты сұрақтарды да қарастырмақ. Олар қазір ауыл-аймақтарды аралап, халықтың ұсыныс-пікірін жинап жүр.

Дәулет КӘРІБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Мысалы, жаңа айтылған 81-бап, 92,93,94-баптар біздің партия депутаттарының ұсынуымен заңға кірген болатын.

Г. Сейтенова