Елордалық балғындар еліміздің ең үздік спортшыларымен кездесті. Бокстан әлем чемпионы Тәшкенбай Санжар, ММА бойынша әлем чемпионы Әкімжан Жасұлан келіп, жас буынға ақыл кеңес берді. Тәжірибелерімен бөлісті. Спортта жеңіске жету үшін не істеу керек екенін айтты.
Ең үздік спортшылар арнайы орталықтың жұмысымен танысты. Жастарға шеберлік сағатын өткізді. Елімізде спортпен айналысамын дегендерге мүмкіндік мол. Барлық жағдай жасалған. Нұрислам бокс үйірмесіне қатысады. Болашақта чемпион болуды армандайтын жеткіншек жеңіске жету үшін тынбай тер төгетінін айтады.
Нұрислам МҰХТАРБЕК, БОКС ҮЙІРМЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫ:
Көп нәрсе үйрендім. Керемет әсер алдым. Өзіме жаңа тәжірибелер көрдім. Және сол тәжірибелерде ісімде қолданатын боламын.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл орталық балалар жылы аясында ашылған. Мақсат - өскелең ұрпақты дене шынықтырумен айналысуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақыру дейді.
Римма ИМАНҒАЗИНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Елорда күніне орай Оқушылар сарайы филиалы «Білім парк» өнер-білім орталығында Қазақстаннның мақтан тұтар чемпиондары мен оқушылар сарайы балаларын қуантуда мақсатында ұйымдастырып отырмыз. Бұл орталықта 1000 нан астам бала шұғылданатын болады. Басты мақсат баланы спортқа баулу, оларды үйрету.
Шеберлік сабақтары барысында чемпиондар балаларға спорттағы ерекше әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Онан кейін спортшылар мен балалардың сұхбаттасуы үшін кездесу ұйымдастырылды. Жеткіншектер өздерінің сүйікті спортшыларынан қолтаңба алып, олармен бірге суретке түсуге мүмкіндік алды.
Ә. Дүкембаева