Талдықорғанда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылды. Жантүршігерлік жағдайды бүгін таңғы сағат 7:30 шамасында жергілікті тұрғын көрген. Оның айтуынша, баланың денесі қоқыс жәшігінің жанында ақ матаға оралған күйінде жатқан. Хабарлама түсісімен, жедел-тергеу тобы оқиға болған жерге жеткен. Қазір полицейлер жаңа туған нәрестенің анасы мен басқа да куәгерлердің жеке басын анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Аталған факт дереу Талдықорған қаласының полиция басқармасында ҚР Қылмыстық Кодексінің 100-бабы бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижелері қосымша хабарланатын болады.
М. Жақан