Бүгін Мәжіліс төрағасы, «АMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Президенттің қабылдауында болды. Парламенттің төменгі палатасының спикері Мәжілістің VII шақырылымының екінші сессиясында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Қабылданған бірқатар заңның Мемлекет басшысы ұсынған реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Мәжіліс төрағасы Президентке Парламенттің төменгі палатасы жұмысының жаңа форматы, соның ішінде Қоғамдық палата құру жөнінде айтты. Ерлан Қошановтың айтуынша, депутаттар қазір жергілікті жерлердегі ахуалмен танысу үшін өңірлерді аралауда. Олар маңызды деген проблемаларды зерттеп, жүйелейді. Содан кейін Үкіметпен бірлесіп оны шешумен айналыспақ. Ерлан Қошанов «АMANAT» партиясының да атқарып жатқан жұмыстарын баяндады. "Жер аманаты" жобасы аясында пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылығы мақсатындағы заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Партия Үкіметпен бірлесіп, «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда.
Т. Әлжанов
Т. Әлжанов