Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда «AMANAT» партиясы облыстық филиалының «Miras» қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

  • AstanaTV
  • 04 шілде 2022
  • 1979

Мемлекеттік мекемелерде қазақ тілінің қолданысын арттыру қажет. «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Miras» қоғамдық кеңесінің мүшелері үкіметке осындай ұсыныс жасамақшы.

Қоғам белсенділерінің айтуынша, мемлекеттік мекемелер жұмысын тек қана орыс тілінде жүргізуге әдеттенген. Тіл туралы заңда барлығы айқын жазылғанымен орындалмайды. Сондықтан құзыретті орындарға жұмысқа қазақ тілін білмейтін мамандарды қабылдамау керек,- дейді партиялықтар. Кей жерлерде қазақ тіліндегі  жеке бас құжаттарын қабылдамай, бүйректен сирақ шығаратындар  да бар көрінеді. Әсіресе шет мемлекеттерден қоныс аударған қазақтар құжаттарын рәсімдеуде, азаматтық алуда осындай кедергілерге кездеседі,- дейді дүниежүзі қазақтары қауымдастығы аймақтың филиалының басшысы Меруеш Башайқызы.

Меруеш БАШАЙҚЫЗЫ, ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Майрагүл деген қазақ адамның атын «гүл» деп кәдәмгі «ү» әрпімен жазылған. Енді оны салық комитеті  бүгін өткізбей отыр. Ол қалай? Туу туралы актідегі жазылған есімді ешкім де өзгертуге тиісті емес. Жалпы мемлекеттік тіл іс қағаздарынан тартып түгел мекемелерде қолданысын арттыру керек. Оны қолдану керек.


А. Қуаш