Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс депутаттары Нұр-Сұлтандағы "Нұрлы жүрек" әлеуметтік көмек орталығына барды

  • AstanaTV
  • 04 шілде 2022
  • 1166

Бүгін мәжіліс депутаттары Нұр-Сұлтан қаласындағы "Нұрлы жүрек" әлеуметтік көмек орталығына барды. Ондағы ерекше балалардың жағдайымен танысып, нысанның кем-кетігін көзбен көрді. Орталық әкімшілігі халық қалаулыларына ерекше балалардың күтіміне қажетті заттардың тозығы жетіп, медициналық құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі бар екенін айтты.

Нұрбол ЗҰЛҚАРНАЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ "НҰРЛЫ ЖҮРЕК" ӘҚКО" КММ ДИРЕКТОРЫ:

Видео бақылау, өртке қарсы су бұрқағыш, винтилация керек бізге өздеріңіз көрдіңіздер. Сосын анау балалардың жататын төсектерін ауыстыру керек, жаңарту керек. Өздерінің арнайы матрастары бар стандартқа сай.Құлап қалмайтындай, бір жерін ауыртып алмайтындай.

Арнайы орталықта қазір 100-ден астам бала бар. Оның тең жартысының ата-анасы бар, ал қалғандары -тұл жетім. Оларды мемлекет өз қарауына алған. Кәмелет жасқа толғанша осы орталықты паналайды. Депутаттар мұндағы мәселелерді шешу үшін  қаражат бөлуді қарастырмақ.  

Бауыржан САРТБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Балалардың жағдайын көрдік. Міндетті түрде осы жерде ішін жаңарту керек. Тағы да керекті құралдар алу керек бұл жерге. Солардың жағдайымен танысып, барлық мүмкіншілікті жасаймыз. Кездесуде көтерілген мәселелердің бәрін ойластырып, қайтадан қосымша қаржы бөлдіруге көмектесу керек.  

Б. Сатуов