Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада сервистік полиция пилоттық жобасы таныстырылды

  • AstanaTV
  • 04 шілде 2022
  • 1856

Нұр-Сұлтан қалалық полициясы сервистік модельге көшуде. Бұл тәртіп сақшыларының қоғаммен қарым-қатынасын нығайта түспек. Қандай да бір мәселені шешуде, полицейлер сол маңда тұратын тұрғындардың пікіріне құлақ асады. Бірлесіп шешуге тырысады.  Полиция жұмысындағы жаңашылдық туралы тілшіміз толығырақ айтады.  

«Жұртқа жақын полиция» қағидатын қалыптастыру мақсатында  Сарыарқа ауданында  жаңа сервистік жүйе іске қосылды. Бұл- пилоттық жоба. Оған сәйкес, қылмыстың үстінен дөп тусу үшін профилактикалық іс-шараларға баса назар аударылады. Яғни қандай да бір оқыс жағдайдың алдын алуға мейлінше мән беріледі.  
 
Асқар ТАКСИМОВ, іKОMEK ЖЕТЕКШІСІ:

Сарыарқа ауданында бізде 350 мың адам тұрады. Сол 350 мың адамның бір пайызын сол 3500 адамды біз сұрап сұрақ-жауап арқылы анкета жүргізіп жатырмыз. Ол анкетирование біз халыққа шығып, халықтың мұңын біліп, полиция қызметкерлеріне олар қаншалықты сенім артады және жүгінді ме екен соларды сұраймыз.

Мамандар "алғаш Қарағандыда іске қосылған пилоттық жоба  нәтижелі болды" дейді. Жоба аясында әкімдік жанынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топ құрылады.  

Асқар ТАКСИМОВ, іKОMEK ЖЕТЕКШІСІ:

Ең басты мақсат – полицияның халыққа деген сенімін арттыру. Яғни халықты өзімізге қарату деген сөз. Өзімізге қарату үшін халықаралық тәжірибеге сүйеніп отырмыз.  

Дамыған елдер тың жүйені ондаған жылдар бойы қолданып келеді. Бұқараның базынасын есту үшін, арнайы анкеталық сұрақ-жауап жүйесі енгізілген. Біздегі пилоттық жобаға онлайн түрде 100 000 тұрғын қатысқан.  Ал  2000 адам полицияға өздері келіп, шешімін таппай жатқан өзекті мәселелерімен бөліскен.

А. Шамшидин