Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда перзентхана шатырсыз қалды

  • AstanaTV
  • 05 шілде 2022
  • 2214

Атыруда перзентхана шатырсыз қалды. Қатты жел акушер блогындағы төбе жабындысының 500 шаршы метрін ұшырып жіберді. Шатыр перинаталдық орталықтың екі  қызметкерінің   көліктерін  басып қалған. Абырой болғанда адам аман. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, перзентхана жұмысын жалғастыруда. Дегенмен салынғанына 31 жыл болған ғимарат бұған дейін күрделі жөндеуден өтпеген.

Айша КЕНЖЕМҰРАТОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қазіргі таңда жобалық  сметалық құжаттары дайын. Конкурс ұйымдастырылды. Қазіргі таңда жеңімпазы анықталуда. Айта кетейік, ғимарат 1991 жылы  салынған. 2004  жылы шатыры салынғаны. 2012 жылы жөндеуден өтті. Күрделі жөндеу биыл  өтеді  деп жоспарлануда.

Б. Надірқызы