Русский Сайттың толық нұсқасы

Бензин мен дизель отынын елден шығаруға тыйым салынады

  • AstanaTV
  • 05 шілде 2022
  • 1576

Бензин мен дизель отынын елден шығаруға тыйым салынды. Қазақстанның энергетика, қаржы және ішкі істер министрлері, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы бірлескен бұйрыққа қол қойды. Құжатта автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында, сондай-ақ жалпы көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларын қоспағанда, жағармайды ел аумағынан  әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін делінген. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң, яғни 12 шілдеде қолданысқа енеді.

Б. Сатуов