Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» жастар қанатының кезектен тыс Съезі 12-шілдеде өтеді

  • AstanaTV
  • 05 шілде 2022
  • 1593
Елімізде «AMANAT» жастар қанатының кезектен тыс Съезі өтеді. «AMANAT» партиясы жастар қанаты орталық кеңесінің отырысында осындай шешім қабылданды. Кеңес жұмысына партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов қатысты. Оның айтуынша Жаңа Қазақстанды құру жағдайында жастарға негізгі рөл беріледі. Кезектен тыс VI Съезд осы жылдың 12 шілдесінде Ақмола облысының Зеренді ауылында өтеді. Оған еліміздің барлық өңірінен 350-ден астам делегат қатысады. Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев Съезде осыған дейін атқарылған жұмыстар қорытындыланып,  партияның трансформациясына сәйкес жаңа міндеттер айқындалатынын атап өтті.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «AMANAT» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазірдің өзінде көріп жатсыздар жастар қанатының жұмысы жалпы қазіргі уақытқа сай өзгеріп жатыр. Жаңа жобалар қосылып жатыр, жаңа бағыттар қосылып жатыр. Сондықтан соны аналитикалық тұрғыдан сараптау тұрғыдан, ғылыми, біліми тұрғыдан  тағыда әріптестермен жиырма аймақтан келген делегаттармен талқылап, ортаға салып бағыт-бағдарын анықтап шешу жолдарын анықтап, соған шешім қабылдау мақсатында съеззді өткізгелі отырмыз.

Б. Сатуов