Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда 11 жастағы жеткіншек қараусыз қалған ғимараттағы лифт шахтасына құлап кетті

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2022
  • 1767

Қарағандыда 11 жастағы жеткіншек қараусыз қалған ғимараттағы лифт шахтасына құлап кетті.  Жағдайы ауыр, басы және ішкі ағзалары жарақаттанған. Бірнеше жерден сүйегі сынған.  Тұрғындардың айтуынша,  бес қабатты ғимарат соңғы 15 жылдан бері қараусыз қалған. Жәй ғана тартыла салған темір қоршауларды қаңғыбастар сындырып, ашып тастаған көрінреді. Ойын балаларын қанша аңдығанмен күзет болмағандықтан ғимаратқа кіріп кетеді,- дейді олар.  Салдарынан бұған дейін де бірнеше бала құлап, жарақаттанған.  Жұрт жылдар бойы құзырлылардан құрылыстың иесін  тауып, нысанды бұзуды,  болмаса айналасын  қоршауды  сұраған. Бірақ, еш нәтиже шықпады дейді.  

Лаура БЕКЖАНОВА, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жанында площадка детская, сондықтан бала көп жүреді кіріп. Жан- жағында күнделікті балалар ойнайды. Биік қоршау керек деп ойлаймын немесе жаңағы күзет компанияларын жалдау керек.

Полицияның хабарлауынша, ғимараттың қожайыны табылған. Бірақ, бала ауруханадан шыққан соң ғана, шешім қабылданады дейді.

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Салынып бітпеген айналасы қоршаулы ғимараттан баланың құлап кету фактісі полицияда тіркелді.  Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша полиция қызметкерлерімен тиісті сараптамалар тағайындалды. Сол сараптаманың қорытындысына сәйкес нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.

А. Қуаш