Русский Сайттың толық нұсқасы

Материалдың қымбаттауынан елімізде 35 миллиард теңгенің құрылысы аяқталмаған

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2022
  • 1947

Былтыр елімізде  материалдардың құны қымбаттауына байланысты 35 миллиард теңгенің құрылысы аяқталмаған. Бұл- жол, тұрғын үй, емхана, спорт нысандарын салуға бөлінген қаражат. Жұмысы тұралап тұрған кәсіпорындар да аз емес. Өңірлерді аралап жүрген Мәжіліс депутаттары, «АMANAT» партиясы фракциясының мүшелері осындай проблемалық нысандарға барды. Мәселені көзбен көрді.

Ақтөбе облысында құрылысы ұзаққа созылған 15 шақты нысан бар. Мердігерлер  мерзімнің кешігуін материал бағасының өскенімен байланыстырады. Құрылысқа қажетті кірпіш, цемент, басқа да заттар бірнеше есе қымбаттап, жобалық-сметалық құжаттарда көрсетілген қаржы жетпей қалған көрінеді. Мәжіліс депутаттары аяқсыз қалған құрылыстарды қайта жалғастырып, жұмысты сапалы жүргізу маңызды, дейді.

Аманғали БЕРДАЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Сметаны қалыптастырған жағдайда оны коэффициентпен жылма-жыл көбейту керек. Сонымен шығара беру керек. Ондай тәсілді баяғыда пайдаланды. Қазір оны алып тастады да, соған сай егер қымбаттау болса, оның бүкіл құжаттарын қайта тапсыру керек. Ол тағы 1-2 жыл уақыт алып жүр. Сондықтан, біз айтып жатырмыз, министрліктермен жұмыс жасап жатырмыз. Оларға өз ұсыныстарымызды жасап жатырмыз. Бірақ, заң өзгеруі керек, заңға өзгеріс енгізу керек.

Ал Қостанай облысындағы  шошқа шаруашылығына қолдау қажет. Фермаға қомақты қаражат бөлінсе, ет өнімділігі еселеніп, жүздеген адамға жұмыс болады. Депутаттар «Жол картасы» бағдарламасы бойынша қаржыландырылған заманауи шошқа фермасында  болды. Шаруашылықта 40 адам жұмыс істейді. Министрлік тарапынан қолдау көрсетілсе, өндіріс көлемін арттырып, ел қазынасына қомақты пайда түсірер  едік, дейді серіктестік басшысы.

Анатолий ЗЛОЙ, СЕРІКТЕСТІК БАСШЫСЫ:

Егер ауыл шаруашылық министрлігі қолдайтын болса, онда біз қысқа мерзімде 5 жылда өндіріс көлемін 200 мың тонна етке дейін көтеріп, ел қазынасына 1 миллиард доллар  пайда түсіреміз.Бұл -жолдың жақсаруына, медицина  саласының ілгерлеуіне, балабақша, мектеп жағдайының жақсаруына септігін тигізеді деген сөз.

Альберт РАУ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біз бұл жобаны қолдаймыз.Өйткені тағы 100 адам жұмыспен қамтылатын  болады.Оның сыртында өнімділік  көлемі үш есеге артады. Яғни, аудан мен облыс бюджетіне қосымша қаражат түседі. Жалпы айтқанда партияның бағдарламалары сәтті жүзеге асып жатыр.

Депутаттар партияның сайлауалды бағдарламасында  көрсетілген жобалардың жүзеге асу барысымен танысты. Басты меже – ауылдардың инфрақұрылымын дамыту. Биыл Майлин ауданында екі елді-мекенге орталық су желісі тартылады. Тағы бір ауылда жаңадан медицина мекемесі бой көтереді.

Т. Әлжанов