Павлодарда аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына қаржылай сертификаттар табысталды. Шараны мұнай зауытының бастауыш партия ұйымы ұйымдастырған. Игі іс «AMANAT» партиясының «Кедергесіз келешек» жобасы аясында жүзеге асырылды.
Галина АЛЕКСЕНКО, АТА-АНА:
«AMANAT» партиясы мен Павлодар мұнау зауытының басшылығына алғысымды білдірем. Бізді зауыт бірінші рет ғана шақырып отырған жоқ. Үнемі бізді назардан тыс қалдырмай балаларымызға сый сыяпаттарын жасап жатады. Көп көп рахмет айтамыз.
Шара аясында Павлодар мұнай зауыты үздік қызметкерлерінің ата-аналары мен жақындарына да құрмет көрсетті. Оларға балаларының абыройлы қызметі үшін алғыс айтып, сыя сыяпат тапсырды. Марапат алғандардың қатарында Жанболат Демесінов те бар. Бұл партияның «Бақытты отбасы» жобасы шеңберінде қолға алынған.
Жанболат ДЕМЕСІНОВ, АТА-АНА:
Менің үлкен ұлым, тұңғышым сіздердің зауыттарыңызда істейді. Қазір бастық болып жұмыс істейді. Мақтанам өз ұлыммен неге десеңіз ол зауыттың атын көтеріп жүр. Зауыт оны көтеріп жүр. Осыған осы жуырда 2021 жылы зауыт оған пәтер әперді.
Ө. Қуанар