Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов есеп берді

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2022
  • 1659

Елорда жастары мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасуы мүмкін. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты. Сондай-ақ,  қалада халық санының артуына байланысты әлеуметтік нысандарға, оның ішінде оқу орындарына деген сұраныс артқанын жеткізді.  Биыл 11 мектеп салынады. Мегаполисте әлеуметтік нысандармен қоса, тұрғын үй құрылысы да қарқынды жүріп жатыр.Жалпы бас шаһарда оң өзгеріс көп.  

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

І жартыжылдықта құрылысқа салынған инвестициялар көлемі артып, 237 млрд теңгені құрады. Инвестиция көлемі былтыр 1,2 трлн болса, қазіргі уақытта 465 млрд-қа жетті. Өңдеу өнеркәсібінде де оң көрсеткіштер тіркелді. Пандемия салдарынан Шағын және Орта Бизнес  қиындықтарды бастан кешті. Қазіргі уақытта жағдай реттеліп, тіркелген Шағын және Орта  өкілдерінің саны артты.

Қала мэрінің айтуынша,2035 жылға қарай Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары 2 есе ұлғаюы мүмкін. Қазір қала халқының саны 1,2 млн -нан асады.

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бірінші бас жоспарға сәйкес 2030 жылы халық саны 800 мың адам болады деп жоспарланған. Кейін 2010 жылғы бас жоспар түзетіліп, 2030 жылы 1,2 миллион адам болады деп болжанды. Кейінгі деректер астаналықтар саны 2035 жылға қарай 2,3 миллионға жететінін көрсетті. Бірақ, көріп отырғанымыздай, бұл көрсеткішке қолжеткіздік. Қазір бас жоспарды түзеп жатырмыз. Осындай өсу қарқыны сақталса, болжам бойынша, 2035 жылға қарай Нұр-Cұлтан халқы екі есе өседі.  
 

Ә. Дүкембаева