Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада құрбандық шалатындарға мал союға 7 нүкте әзірленген

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2022
  • 1724

Бүгін - арапа күні. Яғни ертең мұсылмандар үшін қасиетті "Құрбан айт".  Биыл Нұр-Сұлтан қаласында құрбандыққа мал соятындарға арнайы 7 нүкте әзірленуде. Сондай-ақ, діни жоралғылар туралы ақпарат алу үшін, Айт күндері Call-орталығы жұмыс істейді. Айта кетейік, мұсылмандардың "Құрбан айт" мерекесі биыл шілденің 9-ы басталады. Таңмен елорда мешіттерінде «Айт намазы» оқылады. Мұнан соң негізгі шара - мал союға рұқсат етіледі.

Қасиетті "Құрбан айт" биыл мұсылман күнтізбесі бойынша шілденің 9-ы мен 11-і аралығана тұспа-тұс келіп отыр. Осы күндері шамасы жеткендер, құрбандыққа мал сояды. Бұл - әрбір мұсылман үшін маңызды рәсімдердің бірі. Осыған орай елорда да мал соютын арнайы орындар әзірленген.

Нұрдәулет ӘЛМҰХАНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Байқоңыр ауданында "Жайлау" базары, екінші Шанхай базары, үшінші Шопан ата базары, төртінші Баракат базары. Сонымен қатар шаруа қожалықтары да Байқоңыр ауданында іске қосылған. Шаушен шаруа қожалығы, Темиш шаруа қожалығы және сарыарқа ауданында Ұлжан әмбебап базары.


Құрбандық шалынған малдың етін мұқтаждарға таратады. Сондықтан да оның сауабы көл-көсір деп біледі. Алайда сұранысты пайдаланғандар төрт түліктің бағасын көтеріп, пайда тапқысы келетіндер де кездеседі. Осының алдын алған дін қызметкерлері, Қасиетті мерекеде барынша бағаны өсірмеуге шақырады

Ерболат ЖҮСІПОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ:

Құрбан айттың негізгі мәні адамдар арасында жомарттық, мейрімділік, жанашырлық құндылықтарын қалыптастыру. Жаратушы иеміз өздерің жақсы көрген нәрсені Алла жолында  жұмсамайынша, игілікке жетпейсіндер деді. Сондықтан қадірменді ағайын бұл Құрбан айт мейрамы баршамызға үлкен бір Алланың жолындағы сауап амал жасауымызға бірден бір мүмкіндік.

Тағы бір айта кететін жайт, Нұр-Сұлтан қаласында «Құрбан айт» мерекесі күндері, тәулік бойы Call-орталық жұмыс істейді. 109 жедел нөміріне хабарласып, құрбандық шалу немесе басқа да діни мәселелер бойынша ақпарат алуға болады.  

Б. Сатуов