Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында өрік пен шабдалы өсіретін ерекше шаруашылық жұмыс істеп тұр

  • AstanaTV
  • 11 шілде 2016
  • 7178

Алматы облысында өрік өсіріп, өркендеп отырған шаруа қожалығы өнімдерін экспорттай бастады. Соңғы жылдары экологиялық таза өнім Мәскеу, Санкт-Петребург қаласына дейін жетіп, ерекше сұранысқа ие болған. Маусым айында ғана 600 тонна алма мен өрік көрші мемлекеттерге жөнелтілген. Бағбанның бір күндік тіршлігімен танысып қайтқан тілшіміз Ришат Асқарбекұлы толықтырады.

Арзиевтер әулеті осыдан 13 жыл бұрын «Бахар» ауылынан 3 гектар жер алып, алма егуге көшеді. Жыл өткен сайын шаруашылықтың қыр-сырын меңгерген бағбан - қазір аумағы 40 гектар жердің иесі. Шаруа мұнда жемістің ондаған түрін егіп, оны төкпей-шашпай жинап алады.

Ұйғын Арзиев, шаруа қожалығының иесі:

Біз әрқашан ізденістеміз. Мысалы, шетелде абрикостың, шабдалының жақсы сорты болса, соны өзіміге алып келіп, бөлек бір жеріміз бар. Мысалы, абрикостың 17 сорты бар. Соның ішінде 4 түрі біздің жерге өте ыңғайлы, жақсы шығады.

Ришат Асқарбекұлы, тілші:

Бағбандар мына алқапты тәлімбақ дейді. Күз айларында кәдімгі жабайы шабдалының дәнегі топырақа егіледі. Көктемде әлгі жабайы шабдалының көзі оның мынадай мәдени түріне көшіріледі. Арада екі жыл өткенде, шабдалы дайын күйінде экспортқа шығарыла бастайды.  

Дайын өнімнен бөлек, кәсіпкер жемістің көшеттерін өсіруді оң жолға қойған. Бүгінде 700 мың түп көшетті өсіріп, сатқан. Көрші облыс бағбандары осы жерден жеміс ағаштарын сатып алып кетеді. Ал шабдалы мен өріктің 90 пайызы Ресейге жөнелтіледі. 

Фазыл Лазгиев, өнім тасымалдаушы: 

Ондағы тұтынушылар Қытай мен Қазақстаннан барған тауарды берден біледі. Сондықтан оның түрі мен дәміне қарап, Шонжыдан барған өріктер мен шабдалыға сұраныс жоғары. Таза табиғи өнімді біз осы алқаптан келіп өзіміз алып кетеміз.

Қытай жылына 40 млн тонна алма экспорттайды. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 100 мың тоннадан аспайды. Елімізде құнарлы жер, күн, су мен сауатты мамандар бар. Тек бастамашылдық жетіспейді, дейді ол. 

Сергей Терещенко, қоғам қайраткері: 

Қазақстандағы ауылдық жерлерде кейбір адамдардың қолдарында 20, 30, тіпті 50 гектарға дейін жерлері бар. Оңтсүтік Қазақстан және Жамбыл облыстарында осындай жағдай көп. Қазір ауылдық округ әкімдері осыған мән беруі керек. Шаруамен айналысушыға қолдау танытып, ауылға инвестиция тартса, жеміс-жидектің ондаған түрін өсіруге мүмкіндік бар. Ұйғын мырзаның істеп отырған шаруасын осы тұрғыда үлгі ретінде көрсетуге болады.

Бағбан мұнымен шектеліп қалмақ емес. Кәсіпкер шетелден шиенің 7 түрін алып келген. Қазір мамандармен жемістің жерсінуі тексеріліп жатыр. Ал бүгін бағбан жұмысшыларымен бірге, өріктің биылға соңғы партиясын Ресейге жөнелту үшін, жиын-терім жұмыстарына кірісіп кетті. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ