Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» жастар қанатының VI Съезіне жер-жерден делегаттар аттанды

  • AstanaTV
  • 11 шілде 2022
  • 1553

Еліміздің әр өңірінен жүздеген жас «AMANAT» жастар қанатының алтыншы съезіне қатысу үшін Зерендіге келді.  Шымкент қаласынан жол тартқан 15 делегат, бұл жолғы жиында жастар мәселесі жан жақты талқыланатынына сенімді. Съездің маңызы әлдеқайда бөлек екеніне тоқталды.

Ахат БЕСПАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ МҮШЕСІ, ДЕЛЕГАТ:

Бұл съезден күтетін бұл съездің жастардың, еліміздің жастарының дамуына үлкен серпіліс береді деп ойлаймын. Жеке өзіміз үшін дос арттыратын, өзіміздің бір білім деңгейімізді, тәжірибелерімізді арттыратын үлкен бір жиын болады деп сенемін.

Жұлдыз БАЛТАБАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ МҮШЕСІ, ДЕЛЕГАТ:

Бұл форумда жастардың бастамаларын қолдауға, олардың әлеуметтік саяси өмірге бейімделуі үшін патриоттық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған коммуникациялық үлкен орта қалыптасады. Баршамызға белгілі ғой енді, жастардың қоғамның қозғаушы күші болғандықтан мемлекеттің кез келген бастамаларын егерде патриот жастар қолдайтын болса, ол міндетті түрде жүзеге асады деп ойлаймыз.

Ал, Жамбыл облысынан 12 делегат келген. Олар биылғы шараның елдегі жастар саясатының алға басуына сеп болатынынан үмітті.  Ашық дауыс беру арқылы сайланған делегаттар жастар қанатының қызметін жақсарту бойынша ғана емес, жалпы мемлекеттің дамуы үшін экономикалық, әлеуметтік, мәдени сипаттағы жаңа идеяларды ұсынбақ.

Медет НҰРДІЛЛӘ, ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, ДЕЛЕГАТ:
 
Осыдан бір апта бұрын өзіміздің өңірлік «Аманат» партиясы Жас Отан жастар қанаты бізге хабарласып осындай ұсыныс білдірген болатын. Сол кездегі біздің қуанышымыз өте керемет болды. Осы республикалық съезде Зеренді ауылында Жас Отан жастар қанатының көптеген өзгерістері талқыланатын болады. Сол Зерендідегі көңіл күйлерімізді әлеуметтік желі арқылы жеткізетін боламыз.

Айта кетейік, төрт күнге созылатын съездің басты мақсаты – қазақстандық жастарды ортақ мақсаттар аясында шоғырландыру, тұрақты коммуникациялық байланыстар құру, жастарды мемлекеттік жобалар мен бастамаларды іске асыруға және заманауи дағдыларды игеруге, қабілетті белсенді талантты жастардың басын қосуға бағытталған.