Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда әкімдік салған тұрғын үйлерде коммуналдық желі жоқ

  • AstanaTV
  • 12 шілде 2022
  • 1247

Қызылжарда тұрғындар мемлекеттік бағдарламамен салынған баспаналарға қоныстана алмай жүр. Отбасы банк Порфирьев көшесіндегі 72 пәтерлі тұрғын үйге қатысты байқауды былтыр қарашада  өткізген. Алайда, жергілікті билік оны әлі күнге дейін қолданысқа бермеген. Себебі,  9 қабатты баспанада коммуналдық желілер жоқ.  Сондықтан ондаған отбасы үйлеріне жайғаса алмай, бірнеше айдан бері пәтер жалдап жүр.

Валентина ТИХОНОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Біз бес жыл бойы банкте ақша жинап келдік. Енді былтырдан бері заңды түрде ұтып алған пәтерімізге кіре алмай отырмыз. Бірнеше айдан соң бұл үйдің кепілдік уақыты аяқталады. Демек, баспанада бір ақаулар шығып жатса, тұрғындар оны өздері жөндейтін болады. Қалалық әкімдік коммуналдық жүйелерді тартпай жатып, неге үйлерді салады?
 
Петропавлда қазір мемлекеттік бағдарламамен 6 баспана  дайын тұр. Алайда, коммуналдық жүйелердің жоқтығынан бұл баспаналар қолданысқа берілмей жатыр. Билік өкілдері желілерді тарту жұмыстары жақын арада бітеді, дейді.  

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ:

Порфирьев көшесіндегі 60-шы үйге инженерлік желілер тарту үшін республикалық қазынадан 32,7 млн теңге бөлінді. Алайда жұмыс басталған жоқ. Себебі бұл нысанға коммуникация көршілес 144 пәтерлі үйден тартылады. Оның құрылысы жақында аяқталады. 72 пәтерлік үй қыркүйек айында толық дайын болады.

А. Құрманкин