Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазгидромет» мамандары әбден тозығы жеткен ғимаратты паналап отыр

  • AstanaTV
  • 13 шілде 2022
  • 3294

Жамбыл облысы Жаңатас қаласында «Қазгидромет» мамандары әбден тозығы жеткен ғимаратты паналап отыр. Ал оның сыртындағы тақтайшада әлі күнге дейін «Қоршаған Ортану Қорғау Министрлігі» деген  жазу тұр. Ауа-райын болжайтындар  министрлік атының өзгергенін білмей ме? Әлде оның басқа себебі бар ма? Әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан видеоға қатысты «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова жауап берді. Оның  айтуынша,  ғимарат жөндеуге келмейді. Былтыр апатты деп танылған.  Ал, маңдайшаны ауыстыру станция көшірілген кезде реттеледі дейді.

Алина ИСМАҒҰЛОВА, "ҚАЗГИДРОМЕТ" РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
 
Комиссиялық тексеру нәтижелері бойынша 2022 жылы ақпанда оны жаңа орынға ауыстыру туралы шешім қабылданды, себебі қазіргі орналасқан жері басқару құжаттарының талаптарына сәйкес келмейді және ғимаратқа жөндеу жүргізу мүмкін емес. Жаңа блок-модуль көшіру үшін дайын, орналасу орнын растау күтілуде.

Қазгидромет мамандарының айтуынша, жергілікті билік метеорологиялық станцияның қызметтік кеңсесі үшін жер телімін әне береміз, міне береміз деп созып келе жатқан көрінеді.  Ал  Жаңатас қаласының әкімі  мұндай проблема жоқ, жер берілді дейді.

Дүйсенәлі БОРСЫҚОВ, ЖАҢАТАС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:


Ағымдағы жылы Жаңатас қаласы аумағында орналасқан «Қазгидромед» мекемесінің атынан жер бөліп беру туралы өтініші түскен. Аталған өтінішке сәйкес қала аумағынан «Қазгидромед» мекемесіне 4 жер ұсынылды. Сол мекеменің таңдаған жері қазіргі таңда берілді.


Б. Жұмабайұлы