Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысының әкімі есеп берді

  • AstanaTV
  • 14 шілде 2022
  • 1310

Шығыс Қазақстан облысында әлемдік стандарттарға сай гематология орталығы ашылады.  Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов елордада БАҚ өкілдерімен өткен брифингте айтты. Сондай-ақ, өңірдегі өзге де жаңалықтармен бөлісті.    

Абай облысын құру рәсімдері биылғы тамыз айында аяқталады.  Облыс әкімінің айтуынша, жаңа облыстың тиісті қаржылық қолдауы, берік экономикалық базасы  бар.  Соңғы 7 жылда Шығыс Қазақстан республикалық бюджеттен 390 млрд теңге Даму трансфертін алған, Абай облысына  соның жартысы бөлінді дейді.    

Даниал АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Қуаттылығы жылына 50 млн тонна мыс кенін құрайтын Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты жобасын жүзеге асырдық. Өнімділігі жылына 2 млн тонна құрамында алтын бар кенді құрайтын Бақыршық тау-кен байыту комбинаты бар. Семей қаласындағы 8 мың тонна шикізатқа қуаты 300 мың тонна өсімдік майын өндіретін май экстракциялық зауыты. Осыларға миллиардтар жұмсадық.


Сондай-ақ Даниал Ахметов Өскеменде әлемдік стандарттарға сай гематология орталығы салынып жатыр деді. Орталық молекулярлық-генетикалық зертханамен және діңгекті жасушаларды культивациялау зертханасымен жабдықталады.

Даниал АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 
Біз бірегей гематология орталығын салып жатырмыз. Ол барлық әлемдік стандарттарға сай келеді. Бізде Қазақстанда гематология орталықтары мүлдем жоқ. Біздің жерлестеріміз әлемнің түрлі елдеріне барады. Бір науқасты емдеу 30-дан 60 мың доллар аралығында. Бұл- ең күрделі медициналық процедура.

Ана мен бала орталығының ауруханасы үшін арнайы жабдықтар сатып алынған.   Өткен жылдан бастап өңірде PACS жүйесінде жасанды интеллект енгізілді. Бұл рентгеноскопия, КТ және МРТ арқылы қатерлі ісік ауруын анықтауға мүмкіндік береді.

Ә. Дүкембаева