Русский Сайттың толық нұсқасы

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында оқу-әдістемелік жиын өтті

  • AstanaTV
  • 14 шілде 2022
  • 1226

Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында екі күндік оқу-әдістемелік жиын өтті. Шара мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарулы күштерді кешенді және жүйелі жетілдіруді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған. Мақсат - әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсетудің жаңа әдістерін енгізу. Сондай-ақ, идеологиялық және ақпараттық жұмысты жетілдіру де күн тәртібінде қаралды.   Жиын барысында әскердегі  тәртіптің жай-күйіне, жарғыдан тыс қатынастардың туындау себептеріне егжей-тегжейлі талдау жасалды. Мамандардың тәжірибелік ұсыныстары  айтылды. 

А. Шамшидин