Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында екі күндік оқу-әдістемелік жиын өтті. Шара мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарулы күштерді кешенді және жүйелі жетілдіруді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған. Мақсат - әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсетудің жаңа әдістерін енгізу. Сондай-ақ, идеологиялық және ақпараттық жұмысты жетілдіру де күн тәртібінде қаралды. Жиын барысында әскердегі тәртіптің жай-күйіне, жарғыдан тыс қатынастардың туындау себептеріне егжей-тегжейлі талдау жасалды. Мамандардың тәжірибелік ұсыныстары айтылды.
А. Шамшидин