Русский Сайттың толық нұсқасы

Атқарушы хатшы «АМANAT»-тың өңірлердегі филиалдарымен жиын өткізді

  • AstanaTV
  • 18 шілде 2022
  • 1363

Бүгін «AMANAT» партиясының  Атқарушы хатшысы Асхат Оралов бейнеконференция байланысы арқылы партияның өңірлердегі филиалдарымен жиын өткізді.  Онда халықпен кездесулер кезінде берілген уәделердің орындалу барысы талқыланды. Аманаттықтар ел аймақтарының басым көпшілігінде болып, онда сайлауалды уәделердің орындалу барысын тексеріп қана қоймай, азаматтардың түрлі мәселелерге қатысты өтініштерін қараған. Кездесулердің қорытындысы бойынша 88 хаттамалық тапсырма берілген. Оның 31-і орындалды. Қалғаны орындалу үстінде. Атқарушы хатшы Асхат Оралов әр тапсырманың артында құр сан емес, адам тағдыры тұрғанын түсіну керектігін еске салды. Сондықтан ешқандай мәселе назардан тыс қалмайды, деді.

Т.Әлжанов