Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада конго-қырым геморрагиялық қызбасынан 4 адам қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 19 шілде 2022
  • 1559

Қызылордада конго-қырым геморрагиялық қызбасынан 4 адам қайтыс болды. Мамандар былтырмен салыстырғанда биыл кене шағу фактісі 3 есе артты деп дабыл қағуда. Жыл басынан бері 600 адамды кене шағып, 14-інен қырым қанды безгегі анықталған. Оның біреуі 17 жаста, қалғаны -ересектер. Қазір 1 науқас ауруханада ем алып жатыр. Тағы 2 адам  бақылауға алынған. Сонымен қатар, кенелердің арасында ауру қоздырғышының анықталуы да жоғары. Осы орайда мамандар қора-қопсыға уақытылы дезинфекция жұмыстарын жүргізуді ескертеді. «Себебі кене шаққан төрт түлік те тасымалдаушы болып саналады» дейді.

Әлия ӘБДІҚАЙЫМОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ- ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Малды зақымданған кене шақса, малдың ағзасында, қанында вирус пайда болады. Бірақ мал адамнан ерекшелігі ауырмайды. Ал зақымданған малдан адамға жұғуы әбден ықтимал. Ол сою барысында қанмен, биологиялық сұйығымен жанасқан уақытта адам, сол кезде ауруы мүмкін.


М. Тоқтасынқызы