Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда тұрмыстық техника бір жылда 18 % қымбаттады

  • AstanaTV
  • 19 шілде 2022
  • 1884

Қазақстанда тұрмыстық техника бір жылда 18 процентке қымбаттады. Бұл туралы  Energyprom.kz порталы мәлімдеді. Әсіресе қымбатшылық Алматы және Жамбыл мен Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады. Тоңазытқыш пен мұздатқыш   15,8%- ға, ас үй плиталары 17,2%- ға, кір жуғыш және ыдыс жуатын машиналар 22% -ға, шаңсорғыш 25,1%-ға өскен.

БЛИЦ:

 - Кредитқа бергенде тегін сияқты болады. Біз оны алып аламыз. Кейін төлеу қиын болады.  

 - Алмайын десен керек, алайын десен ол ақша.Бәрі кредитке алады.

 - Шамасы келгендер алады деп ойлаймын.Бөліп төлеуге.Бірақ көбісі алып-алады да, кейіннен төлей алмай, қиналып қысылып жатады.


Тұрмыстық техникалардың дені -импорт. Сондықтан бағаның шарықтауына бірнеше фактор бар,-дейді  экономист Мақсат Халық. Оның айтуынша, әлемдегі инфляция мен геосаяси жағдайлар тауар бағасына  әсер етеді.

Мақсат ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ:

Импорттық инфляция дейді.Сырттағы тауарлардың қымбаттауы.Яғни ол елге келген кезде одан әрі қымбаттауы. Мысалға биыл доллардың өзі құнсызданды. Ол жақта өйткені Америкада инфляция 8,5 процентті құрады. Ол нені көрсетеді демек Европада да, Америкада да тауарлар бағасы өсіп жатыр.

Бағаның бұлайша құбылуы әлі де жалғасуы мүмкін дейді сарапшылар.  Азық-түлік, киім-кешек ғана емес, тұрмыстық заттардың да құны әзір тұрақтала қоймайды.

Б. Сатуов