Русский Сайттың толық нұсқасы

Учаскелік полицейдің қылмыстық іске қатысы бар- жоғы анықталып жатыр

  • AstanaTV
  • 20 шілде 2022
  • 1575

Солтүстік Қазақстандағы Бауман ауылының учаскелік инспекторы жұмыстан шығарылды.  10 күн бұрын елдімекенде жұртты дүр сілкіндірген жағдай болған. Құс атуға шыққан ер адам абайсызда далада жидек теріп жүрген әйелді атып алды. Оқ жәбірленушінің кеуде тұсына тиген. Күдікті  оған бірден көмек көрсетпей,  ауылдың учаскелік полицейін шақыртуға кеткен. Ал әйелді туыстары тауып,   ауруханаға жеткізбекші болады. Алайда, ауыр жарақаттанған 51 жастағы әйел жол үстінде көз жұмған.  Құзырлы органдар бұған қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу бастады.  Учаскелік полицейдің де осы іске қатысы бар- жоғы анықталып жатыр.

А. Құрманкин