Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды

  • AstanaTV
  • 20 шілде 2022
  • 2120

Табысымды арттырамын деп кәсіп бастағандарға төмен пайызбен несие беріледі.  Үкімет пен "Аманат" партиясы бірігіп халықтың табысын көтеру мақсатында  2025 жылға дейінгі бағдарламаны қабылдаған болатын. "Аманат" партиясы осы жобаны іске асыру үшін барлық ауыл әкімдерін оқытты.  2346 ауылдық округтің әкімі жоба бойынша жұмыс істеудің негізгі мақсаттары мен ережелерін меңгеріп шықты. Енді оларға артылған жүк жеңіл емес. Әр   әкім оқып білгендерін тұрғындардың табысын арттыруға бағыттауы керек.   Бұл  "Аманат" партиясының бақылауында болады. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов бүгін жобалық офистің алғашқы отырысын өткізді. Онда «AMANAT» партиясының Хатшысы Эльдар Жұмағазиев «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру тетіктерін жеңілдету мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізілетіні туралы айтты.  

Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:


Бұл -тек жұмыстың бастамасы. Енді қазір осы бағдарламаның негізінде халыққа берілетін несиенің мөлшері қазір есептеліп жатыр. Осы бағдарламаны іске асыру барысында халыққа төменгі пайызбен несие берілетін болады. Осы істің барлығын "Аманат" партиясы Үкіметпен бірігіп атқаратын болады
.

А. Базарбай