Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда желаяқтар 800 км жерді жаяу аралап шықты

  • AstanaTV
  • 20 шілде 2022
  • 1163

Павлодарда желаяқтар 800 шақырым жерді жаяу аралап шықты. Ультрамарафонға қатысушыларын өңір тұрғындары қарсы алды. Бар жоғы 12 күн ішінде сапарын сәтті аяқтаған желаяқ Евгений Белов пен Өміржан Ошановқа құрмет көрсетілді. Жасы 60-тан асқан ақсақалдар ұзақ жолды жаяу жүріп өткен. Мақсаты  - жастарға патриоттық тәрбие беріп, олардың салауатты өмір салтын ұстауға үйрету. Шараға «AMANAT»  партиясының облыстық филиалы мұрындық болған. Марафон қатысушыларына партия тарапынан сый-сыяпат табысталды.

Өміржан ОШАНОВ, ЖЕЛАЯҚ:

Табиғат өзінің мінезін көрсетті. Дәл 5 күні Павлодар қаласынан шыққанда таңғы алтыда жауын нөсерлеп құйды. Жауынның астында да қалдық. Шарбақтыдан Успенкаға жүргенде алдымыздан қатты жел де болды. Одан  да өттік. Тереңкөлге жақындаған кезде де қатты жауынның астында қалдық. Ақсу қаласына жеткен кезде өте ыстық болды. Сол қандай ыстық болса да, соған шыдап, төзіп, міне бүгін алдарыңыздар тұрмыз.

Ө. Қуанар