Еліміздегі қант тапшылығы кондитерлерге қиындық туғызуда. Жеке кәсіпкер Айзадаға күніне 10 тортқа дейін тапсырыс түсетін көрінеді. Алайда, басты құрамның бірі – қанттың қымбаттағаны және белгілі бір мөлшерде ғана сатылуы оның ісіне кедергі келтіріп тұр. Айтуынша, ол қазір 1 келі қантты 850 теңгеге сатып алып отыр.
Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ:
Бұл -екі келілік торт. Оған, шамамен, 280 грам қант кеткен. Айзаданың айтуынша, қанттың қымбаттағанына байланысты тәттілердің де бағасы өсуде. Алайда, осыған қарамастан, тапсырыс берушілердің саны азайған емес.
Айзада ҚАРАБЕК, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:
Осыдан 4-5 ай бұрын баға 5 мың теңгеден басталатын болса киллограмы, қазір 6000 теңгеге дейін көтерілді. Себебі – қанттың бағасының өсуі. Одан қалды, Россиядағы жағдайға байланысты, бізге сол жақтан келетін сливки, творожный сыр дегендердің бағалары өсіп кетті. Сонда орташа есеппен бір торт 15-16.000 –ға шығады.
Қант мәселесі үлкен кондитерлік компаниялардың да жұмысын тұралатты. Әйгілі “Алматы продукт” фабрикасының өнімділігі азайған. Піспенан мен халва шығаратын компанияның өндірісі 100 тоннаға қысқарды.
Айдар ИБАДУЛЛАЕВ, ФАБРИКА ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Қант тапшылығы біздің компаниямызға әсер етті. Бізде тек бір қант жеткізуші болған еді. Ол бұрын апта сайын 100 тонна қант жеткізсе, қазір 20 тонна ғана жеткізеді. Бір ай бұрын, тіпті, жұмысымызды тоқтатамыз ба деген едік. Алайда, тығырықтан шығатын жол тауып, қазір ісімізді жалғастырып жатырмыз. Бізге 1 айда 200 тонна қант қажет.
Ал қала әкімдігіндегілер «қазір қалада қант қоры халықтың және өндірушілердің тұтынуына жеткілікті дейді. Айтуларынша, қорда 9000 тоннаға жуық қант бар.
Ерлан ОМАРОВ, АЛМАТЫ қ. КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Кейбір дүкендерде, желі, базарларда уақытша тапшылық орын алған. Күнделікті барлық құзырлы органдармен тексеріс монитиринг жүргізілуде. Тек тұрғындарға емес, қаладағы кондитерлік өнімдерді шығаратын барлық фабрика, заводтарға барынша көмек көрсетудеміз.
Жергілікті билік өкілдері шекер мәселесі күнделікті бақылауымызда,- деп сендірді.
М. Жақан