Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаңа Қазақстанның жастарына арналған басымдықтар талқыланды

  • AstanaTV
  • 21 шілде 2022
  • 1638

Терең білім, адал еңбек және отаншылдық. «Жастар Рухы» жастар қанаты іске қосқан «BIR TOLQYNDA» диалог алаңында осы үш тақырып талқыланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы үш басымдықты жастар ұйымының кезектен тыс VI Съезі делегаттарына жолдаған бейнеүндеуде айқындап берген еді. Басқосуға жиналған сарапшылар жастар әрдайым оң өзгерістерді қолдайтынын айтып, мұндай форматтағы отырыстар еліміздің әр аймағында жалғасын табатынын жеткізді.

Дәулет КӘРІБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Президент ел жастарына арнаған үндеуінде өскелең ұрпақтың басты құндылығы еңбексүйгіштік, терең білім, отаншылдық болуы тиіс екеніне ерекше тоқталды. Елді көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар алға бастайды. Аянбай еңбек етіп, адал табыс табатын әрбір адам қоғам, мемлекет дамуына үлес қосады.  Осы құндылықтарды жас буынның бойына сіңіріп, олардың жаңа трендіне айналдыру мақсатында ертеңнен бастап еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі жобаларды жүзеге асырамыз. Диалог алаңдарын ұйымдастырамыз.


Кездесу модераторы «Жастар Рухының» төрағасы Нұржан Жетпісбаев партияның жастар қанаты Қазақстанның болашағына қатысты жауапкершілікті толық сезінетінін мәлімдеді.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:


Өзін-өзі тұрақты дамыту, білім алуға ұмтылу – қазіргі заман азаматы үшін аса қажет қасиеттер. Бүгінде өзгерістер өте жылдам жүріп жатыр. Сондықтан жаңа заман жастары әлеуметтік тұрғыда икемді болуы қажет. Яғни,қосымша білім алуға, жаңа мамандықты игеругежылдам бейімделумаңызды. Ал «Жастар Рухы» еліміздің ең ірі жастар ұйымы ретінде өскелең ұрпақтың өзекті мәселелерін шешу үшін бар күш-жігерін, әлеуетін жұмсайды.


К. Мерей