Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте «Нұр Отан» партиясының бастамасымен көшпелі қоғамдық қабылдау өтті

  • AstanaTV
  • 12 шілде 2016
  • 2718

Қол жетімді баспанаға қол жеткізудің жолдары. «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жетекшілері арнай қабылдау өткізді. Қаржы орталығының аймақтық басшысы Қасымбек Бақытұлы азаматтар өтінішін жеке алуды ұйғарған. Ақпарға қарағанда, өңірде тұрғын үй мәселесі бойынша біршама шаруа атқарылып жатыр. Әсіресе, «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасының қарқыны жақсы.  Десе де өңірде баспанаға зәру тұрғын саны жетерлік. Сондықтан қабылдау барысында олардан өтініштер ғана қабылданып қоймай, кеңестер де беріліп жатты. Мәселен, бағдарламаға ілігудің жолдары, банктегі депозиттерді қалай ашқан дұрыс, займдардың сыйақы көлемі қанша, қандай жеңілдіктер қарастырылған деген сынды сауалдар қойылды.

Кездесуде талқыланған тағы бір мәселе - жас отбасыларға арналған бағдарлама. Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында қоғамдық қабылдау барлық аудандарда жүргізіліп келеді. Нәтижесінде 4219 шағым қабылданып, барлығы да жеке-жеке қаралған екен. Аумақтық филиал тарапынан 37 көшпелі қоғамдық қабылдау өтіпті.  Партия өкілдері өтініштердің дені әлеуметтік ахуалға қатысты түскенін айтады. Баспанадан бөлек, жұмысқа орналасу, еңбек ақыны өндіру, сот және құқық қорғау жүйесі бойынша да мәселе бар. Қазір тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында тегін заңгерлік кеңестер ұйымдастырылып отыр.

Берік Құлжанов, «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы қоғамдық қабылдауының меңгерушісі:

Бұл жерде Үкімет бағдарламасынан үйдің бағамы сәл жоғары болғанымен, екінші нарықтағы үйлердің бағамы төмен болады. Сонда екінші нарықпен мынау кәдімгі қолжетімді баспананың бағамының ортасын алып тұрмыз қазір. 

Құралай ПИОНЕР