Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар мен Шымкентте "BIR TOLQYNDA" атты жастар кездесуі өтті

  • AstanaTV
  • 25 шілде 2022
  • 1864

Елордада бастау алған «BIR TOLQYNDA» диалог алаңы Павлодарда жалғасын тапты. Шараның мақсаты -өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке, еңбекке баулу. Жиын барысында жастардың елін жерін, сүйіп ғана қоймай, Қазақстанның дамуына үлес қосу  жайы  сөз болды. Шараға бүгінгі күннің батыры, үш  баланы судан құтқарып қалған Андрей Карандашов та қатысты.

Андрей КАРАНДАШОВ, АҚТОҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қандай жағдай болса да, мен осы қалпымда қалам. Батырлық жасадым деп ойламаймын. Кез келген адам менің орнымда болса, балаларды құтқарушы еді. Менің бұл ісімді естіген жақындарым бәрі қуанып жатыр. Ата-анам ерекше риза.

"AMANAT" партиясы "Жастар рухы" жастар қанатының делегаттары кезектен тыс өткен VI съезден алған әсерімен әрі жоспарымен бөлісті.
 
Санира ЖҮСІПОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ТӨРАЙЫМЫ:

Халықтың ұсынысымен тың жобалар әзірленіп жатыр. Трасформациядан өттік. Бүгін біз шалғай ауылдармен жұмыс жасайтын боламыз.

Сондай-ақ, Шымкентте «BIR TOLQYNDA» диалог алаңының алғашқы отырысы өтті. Жиынға қатысушылар жаңа Қазақстанның жастарына арналған басымдықтарды талқылады. Әсіресе, келешек ұрпақ айрықша түсінуі тиіс үш маңызды бағыт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиеттерге кеңінен тоқталды.

Мұрат ЖОЛДЫХОЖАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Елді ойлайтын, отанды қорғайтын болашақ жастарымыз. Пікір таластың мақсаты - жастарды отансүйгіштікке, патриотизмге баулып, бірлесіп еліміздің дамуына жастарымызбен бірге жұмыс жасаймыз деген мақсатта жинадық бүгін.

Жиын барысында жастар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, пікір алмасты.

К. Мерей