Бүгін
Астананың қақ ортасында ірі жол көлік апаты болды. Республика даңғылы, Самал
шағын ауданында сағат үштер шамасында Nissan, Toyota, Hyundai және Nissan
Almera автокөліктері соқтығысты. Соққының қатты болғаны соншалық, көліктердің
бірі жолдан шығып, сол маңдағы ғимараттың кіреберісін қиратқан.
Алдын ала
мәлімет бойынша,Hyundai көлігін
тізгіндеген жүргізуші жарақат алған. «Оқиға орнында тәртіп сақшылары жұмыс
істеп жатыр. Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі қазір сыртқы бақылау
камераларындағы бейнетаспалар қаралып жатқанын айтты.
Айгүл ӘДЕПБАЙ