Русский Сайттың толық нұсқасы

Үш баласы, күйеуі бар келіншек ақша үшін жас жігітті алдап, тұрмысқа шыққан

  • AstanaTV
  • 27 шілде 2022
  • 2051

Ақшадан тарыққан қызылордалық келіншек бойдақ жігітті алдап соқты. Үш баласы, заңды некедегі күйеуі бола тұра ол тұрмысқа шыққан. Қалың малын алған соң түрлі сылтаумен қашып кеткен. Айлакер әйелдің  жасы – 23-те. Қулықты абысынымен бірігіп істеген көрінеді. Бұл туралы жігіттің туыстары әлеуметтік желіде жазған. Жұрт мұны қызу талқылап жатыр.  Бұл- бірінші жағдай емес, дейді білетіндер.  Қос келіншек бұны кәсіп қылып алғанын айтады. Ауылда аңқау жігіт көп, соларды құрыққа түсіретін көрінеді.  Ал құзырлы органдар  бұл жағдайға қатысты арыз-шағым түспегенін мәлімдеді.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Қызылорда облысы Полиция департаментіне қарасты бөліністерде аталған дерек бойынша арыз-шағым және өтініштер тіркелмеген.

Т. Әлжанов