Русский Сайттың толық нұсқасы

Жетісу облысында алдағы екі жылда 71 ауылға интернет жеткізіледі

  • AstanaTV
  • 29 шілде 2022
  • 1386

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жұмыс сапарымен Жетісу облысында болды. Ведомства басшысы  мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында болып, өңір жұртшылығымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар министрге көкейкесті мәселелерін айтып, оны шешу жолдарын сұрады.

Гүлнәз ӨТЕЖАНОВА, ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Интернет болса, 15 жыл болды осы ауылға келін болғаныма мысалы Алмалы ауылына жылда айтады келесі жылы интернет орнатады дейді. Біздің өтінішімізді орындайды деп ойлаймын.

Жетісу облысында 358 елдімекен бар. Оның 287-і ғаламтормен қамтылған. Қалған 71 ауылға алдағы екі жылда интернет жеткізіледі. Министр қазір қазақстандықтарға онлайн-форматта 18 негізгі құжат қолжетімді екенін айтты. Олар – жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, неке және туу туралы куәліктері мен басқа да құжаттар. Жеке куәлікті алуға және оны қайта шығаруға арналған «құжаттандыру терминалы» сияқты жобаларды іске асыру жоспарда бар. Бұл  тұрғындарға уақыт үнемдеуге мүмкіндік  береді, - дейді Бағдат Мусин.  Министр сондай-ақ,  аурухана, «Қазпочта», зауыт, әкімдік нысандарын   аралады.  

Бағдат МУСИН, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ:

Мен 2020-шы келгенде маған 1000-ға жуық ауыл-мекендерде ғана интернет жоқ деген ақпарат берген болатын. Сосын тексеріс жұмыстарын жүргіздік. Қазіргі таңда, біз 1500-ден астам ауылдық мекендерде интернет жоқ деген мәліметке келдік. Сондықтан осы мәселеге біз көңіл бөлеміз. Және де осы мәселелер бойынша жоспар құрып нақты қадамдарды белгілейтін боламыз.

Ә. Лесбек