Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтуде

  • AstanaTV
  • 29 шілде 2022
  • 1491

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» атты өңірлік көрме-байқауы өтіп жатыр. Оған 80-нен астам кәсіпкер қатысуда. Балқия Оспанова - өз ісін сәтті дөңгелетіп отырған кәсіпкерлердің бірі. Осыдан 2 жыл бұрын пандемия кезінде бетперде тігіп бастаған ол, бүгінде көрпе-жастық, сөмке мен бас киім тігумен айналысады.
 
Балқия ОСПАНОВА, КӘСІПКЕР:

Медициналық халаттар тіктік. Аяққа киетін бахила, соларды тіктік, бизнесті солармен бастағанмын. Қазір қыз балаларға тақиялар тігемін, жайнамаздар бар, қазір сұранысқа ие үй аяқ киімдері. Қалада өзіміздің тігін ательеміз бар. Медеу ауданы әкімдігінің беріп қойған помещениеміз бар, сол жерде тігіп отырмыз.  


Көрмеде киім-кешектен бастап құрылыс материалдарына дейін сан түрлі өнім көптің назарына ұсынылды.  «Жобаның мақсаты - отандық өнімді ілгерілету, импорт үлесін азайту және экономиканы дамыту»,- дейді ұйымдастырушылар. Өңірлік көрме-байқау «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» атты үш номинация бойынша өтеді.  
 
Айтуар ҚОШМАМБЕТОВ, АЛМАТЫ қ. КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Үздік тауарды арнайы комиссия тағайындайды.  Ең басты критерийлер – ол осы тауардың танымалдылығы, арнайы сертификаттардың болуы, клиенттердің пікірлері. Осының нәтижесінде біз арнайы балл қойып, комиссия өз шешімін қабылдайды.
 
Үздік тауар иелері  31-ші шілдеде анықталады. Өңірлік іріктеу жеңімпаздары қыркүйек айында өтетін республикалық байқауға жолдама алады.

М. Жақан