Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда бір түнде үш көлікті ұрлап кеткен ер адам ұсталды

  • AstanaTV
  • 01 тамыз 2022
  • 1172

Алматы облысында ер адам бір түнде үш көлікті ұрлап кеткен. 28 жастағы азамат алдымен Құлжа тас жолы бойындағы жер үйлердің бірінен «BMW» маркалы көлігін айдап әкетеді. Кейін өзге көлікпен соқтығысып, ізін суытуға тырысады. Есік қаласында «Toyota» маркалы көлігін соғып, тағы бір көлікті ұрламақ болғанда жол апатына ұшырайды. Оны құтқаруға келген жедел жәрдем көлігін айдап кеткен.   Патрульдік полиция күдіктіні көп ұзамай қолға түсірді. Оның  есірткі тұтынғаны анықталды.
 
Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

1994 жылы туған К. есімді азамат есірткіге мас күйінде болған. Ол қазір қамауда. Медеу аудандық Полиция басқармасының полиция бөлімшесінде сондай-ақ Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасында полиция бөлімшелерінде «бөтен көліктерді заңсыз басып алу» деректері бойынша 3 қылмыстық іс тіркелді. +Оқиғаның мән-жәйі анықталуда.

Ә. Лесбек