Русский Сайттың толық нұсқасы

Дәрі-дәрмек 10% қымбаттады

  • AstanaTV
  • 02 тамыз 2022
  • 904

Валюта бағамының құбылуы дәрі-дәрмек бағасына   әсер етті. Шет елден жеткізілетін дәрумендер биыл шамамен 30 процентке қымбаттаған. Оның үстіне, тапшылық бар. Иммунитетті көтеретін   қоспалар кей дәріханаларда  жоқ.  

БЛИЦ:

- Подоражали, сильно подорожали. Ну, эти на 1000 тг общий подорожала.

-1060 теңгенің дәрісін аламын деп,частный поликлиникаға барғанда, 2600 теңгеге сұрап тұрды. Бағасы қымбаттады негізі екі-үш есе қымбаттады.


Фармацевтикалық бақылау департаменті   Елордадағы дәріханаларға апта сайын  мониторинг жүргізеді.  Бағаның өскенін олар да растап отыр. Айтуынша, қымбатшылыққа  жыл басынан бері доллар мен рубльдің қайта-қайта құбылуы себеп болған.  

Әсия МОЛДИМАНОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. МЕДИЦИНА ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Шетелден келетін заттарға валюта бағамы да әсер етуі мүмкін. Бізде Қазақстанда дәрілік заттарға шекті баға қойылған. Мына геосаяси жағдайларға байланысты дәрілік заттардың қымбаттауы байқалады. 5-және 10 пайыз аралығында.

Ә. Дүкембаева