Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысында ағылшын тілінің 1300 мұғалімі біліктілігін арттыру курсына кірісе алмай отыр

  • AstanaTV
  • 13 шілде 2016
  • 2739

Шығыс қазақстандық 1300 ағылшын тілінің мұғалімі біліктіктерін арттыра алмай отыр. Ұстаздарды қайта оқыту мемлекеттік тендері екі рет кейінге шегеріліп, тоқтап тұр. Оның себептерін біздің арнамызға өңірдің білім беру басқармасының жетекшісі Айжан Садықова түсіндірді.

Мұғалімдер балаларға Кембридж оқулықтары бойынша сабақ беруді үйренуі тиіс болған. Бірақ олардың біліктілігін арттаратын орталықтарға жаңа талап қойылып отыр. Тендер жеңімпаздары халықаралық аккредитациядан өтуі тиіс және ұстаздарының 80 пайызы тілді меңгерген болуы шарт. Мектептегі тіл оқыту бағдарламасын нәтижелі жүргізу үшін, осы шарттарды орындау қажет, - дейді мамандар.

Айжан Садықова, ШҚО білім басқармасының жетекшісі:

Бұл біздің болашақ жеңімпазға қойып отырған басты талабымыз. Егер де бұндай шарттар болмаса, мемлекеттік сатып алуды ұсынған бағаларға қарап, әлдеқашан өткізуге болар еді. Ондай жағдайда шешуші фактор сапа емес, төмен баға.

Облыс әкімі Кәрім Мәсімовтен өңір ұстаздарының ағылшын тілін жетілдіру ісін шешіп беруді сұрады. Мемлекеттік сатып алу тағы да 20 күнге шегеріледі. Ал Ұлыбритания, Шотландия және АҚШ-тың тіл орталықтары біздің педагогтарды оқытуға дайын отыр.