Русский Сайттың толық нұсқасы

724 дүкен азық-түлік бағасын негізсіз көтерген

  • AstanaTV
  • 05 тамыз 2022
  • 1485

Кей өңірлерде азық-түлік бағасы негізсіз көтерілген.  Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді. Соңғы аптада 40 мыңнан аса сауда орнына рейд жүргізіліп, 734 дүкеннің бағаны негізсіз көтергені анықталды. Нұр-Сұлтан қаласында 278 жағдай тіркелді.  Одан кейін Шығыс Қазақстан облысында  - 80, Түркістан облысында  - 38, Батыс Қазақстан облысында – 33  дүңгіршек тауарға үстеме құн қосқан. Ал, Қостанай және Маңғыстау облыстарында – 32, Жетісу облысында – 30, Ұлытау облысында -6 жағдай анықталды. Құзырлылар рейд барысында ескерту түрінде 126 әкімшілік хаттама толтырып, 1 айыппұл салған.  

А. Задабек