Қымбатшылық алқымнан қысып тұр. Құны шарықтамаған дүние қалмады
БЛИЦ:
- Баға өсті. Үнемі өсіп отырады. Бұрын жалақы жеткілікті болатын, ал соңғы жарты жылда жетпей қалатын болды.
- Барлық жерде қымбат. Дүкендерде жаңа өнімдер бар. Көкөніс, жеміс бәрін табасыз. Бірақ бағасы тым қымбат.
«AMANAT» партиясының бастамасымен құрылған мониторингтік топ тексерісті күшейтті. Топ құрамындағы қоғам белсенділері әрбір тауардың бағасын сұрап, тұрғындармен тілдесіп, үстеменің үлесін азайтуға барын салуда.
Дәулет ҚАЛИЕВ, МОНИТОРИНГТІК ТОП МҮШЕСІ:
Сатып тұрған адам ешқашан пайдасыз қалады деп мен ойламаймын. Өйткені, ол заңды қосу керекті 10-15 пайызын олар қосуға қақысы бар. Одан артық енді артық кетуге болмайды.
Көкшетауда отандық өнімнің бағасы қымбаттаған. Әсіресе, сүт, картоп, пияз бен май құнына көптеу қосылыпты. Оны мониторингтік топ мүшелері тексеріс кезінде анықтады. Бағаны негізсіз өсіру фактісі бойынша жауапты тұлғалар жазаланады.
Бақтияр МОЛДАХМЕТОВ, КӨКШЕТЕУ қ. МОНИТОРИНГТІК ТОП ЖЕТЕКШІСІ:
Біз облыстық маңызы бар Жібек Жолы, Орталық базар және Хасеновский базарына бардық. 19 әлеуметтік маңызы бар өнімнің бағасын қарадық. Барлық сатушыларда тек «Шедевр» деген күнбағыс майы ғана бар. Ең арзаны литрі – 900 теңге.
Оралдықтар да майдың бағасына шағымдануда. Оны сатушылар да растайды, бірақ тауар сырттан келеді деп ақталады.
Мейрамгүл БАЯНҒАЛИЕВА, САТУШЫ:
Осы тауарлардың ішінде қымбаттағаны «Шедевр», Алматыдан келеді ғой зауыттан. Сол 3900-ден болды, қазір 4800-ден келіп жатыр. Қатты қымбаттағаны сол. Сосын майонездер Россиядан келетін. Шекер аздап түсіп жатыр, майлар аздап түсті. Алдында бір литрлік май 922-ден болды бірінші көтергенде. Қазір енді 360-тан.
Батыс Қазақстанда «AMANAT» партиясының жанынан құрылған мониторинг топ сауда орындарын екінші мәрте қайталап аралауда. Нәтиже жаман емес. Кейбір тауар түрлеріне бұрынғыдай үстеме көп қосылмайтын болған. Дегенмен, мониторинг тобының жұмысының қаншалықты маңызды екеніне мән бермеген сауда орталығының басшылығы түсіру тобының жұмысына кедергі жасады.
Афиза СЕМҒАЛИЕВА, "АМАNАT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ИНСПЕКТОРЫ, МОНИТОРИНГТІК ТОП МҮШЕСІ:
«Мирлан» орталық базары басшылығы мониторинг жасауға рұқсат берген жоқ. Халықтың арқасында қаржысын тауып отырған жер. Осындай жердің басшылығы түсінбесе, осындай іс шара неге керек екенін, онда әрі айтып не қажет? Сондықтан да мен ойлаймын, әлі де болса кәсіпкерлер арасында соның ішінде ірі орындардың басшыларының арасында түсіндіру жұмыстарын құзырлы органдар нақтылап, жүргізуі қажет.
Т. Әлжанов