Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда «Қауіпсіз қала» акциясы жүріп жатыр

  • AstanaTV
  • 08 тамыз 2022
  • 1150

Алматыда «AMANAT» партиясы  «Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Қауіпсіз қала» акциясы жүріп жатыр.Оған төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері   атсалысуда. Акцияның алғашқы күні Сайран суқоймасына түсушілерге қауіпсіздік ережелері  ескертіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Шараның мақсаты - қаладағы жазатайым оқиғаларды азайтуға және халықтың атқарушы органдармен жүйелі жұмысын құруға ықпал ету»,- дейді ұйымдастырушылар. Акция еліміздің барлық аймақтарында өтіп жатыр, тамыздың 19-на дейін жалғасады.

Бекембай САХИ, АЛМАТЫ қ.ӘУЕЗОВ АУДАНЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Акция 7 бағыт бойынша өтеді. Бұл, яғни, ашық кәріз құдықтарын тексеру, екіншісі, газдың құбырларын, датчиктерін тексеру, үшіншісі, жоғары пәтерлі үйлердің төбесіне шығуға болмайтыны бойынша және жабдықталмаған, шомылуға арналмаған орындарға рейд жүргізу және балалардың терезеден құлауы туралы ата-аналарға профилактикалық жұмыстар жүргізу.

М. Жақан