Алматы облысындағы мектептер жаңа оқу жылына дайын ба? Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген білім ордаларындағы құрылыстың сапасы қандай? Бұл сауалдар депутаттық фракция мәжілісінде талқыланды. Облыстық мәслихат депутаттары мектептерді салу немесе күрделі жөндеуден өткізу, студенттерді жатақханамен қамту, сондай-ақ, жанар-жағармай, азық-түлік мәселерін талқылады.
Бағдаулет ҮСТЕНОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Кеңдала, Гүлдала, Дәулет ауылындағы мектептердің проблемасы. Мысалы Дәулет ауылының мектебі, сол мектепте фундаменттің астынан су шығып бүгінгі күні мектепті жарамсыз қылып отыр. Жобаны жасаған мердігер компанияны жауапқа тарту керек. Бұл тек қана бір мектеп емес, Алматы облысы бойынша 2-3 мектеп бар осындай.
Ал облыстағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін партиялық мониторингтік топ жұмысын жалғастыруда. Комиссия 108 базар мен ірі сауда орындарын аралап, тауарлардың орташа бағасын анықтаған. Ұн мен қарақұмық, күріш, түйіршіктелген қанттың құнында біраз айырмашылық байқалды дейді депутаттар.
Сұлтан НҰРДӘУЛЕТОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Фракция мүшелері комиссия құрып, сол комиссиямен мониторинг жасаймыз. Бұдан кейінгі күн тәртІбі бойынша барлық облысымызда болып жатқан жағдайларды толықтай қамтып, жеке-жеке талқылап, жеке-жеке соған тиісті мамандарды сұрап осы жерде отырыстар өткізетін боламыз.
Ә. Лесбек