Русский Сайттың толық нұсқасы

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция келесі жылы қабылдануы мүмкін

  • AstanaTV
  • 13 шілде 2016
  • 7101

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция келесі жылы қабылдануы мүмкін. Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Каспий бестігі» мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің кеңесінде мәлім болды. Тарихи құжаттың қабылдануына кедергі болып тұрған проблемалар әлі де бар. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров осы сұрақтарды алдағы екі айда шұғыл шешеміз деп мәлімдеді. 20 жылға жуық ішкі шекарасы айқындалмаған Каспийді бөлісу мәселесіне келесі жылы нүкте қойылады деп есептейді.

Соңғы 20 жылда сөз бұйдаға салынып, созылып кеткен маңызды құжаттардың бірі - Каспийдің құқықтық мәртебесін бекіту. Теңізді жағалай қонған 5 елдің арасында әлі күнге дейін оны пайдалану жөнінде ортақ құжат жоқ. Каспий бестігіне: Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Түркіменстан мен Иран кіреді. Тараптар теңіздің құқтық мәртебесі туралы конвенция қабылдауы қажет.

Бүгін бестіктің сыртқы істер министрлері бесінші рет бас қосты. Сарапшылар конвенция әні-міне қабылданады деп үміттенген. Тіпті құжатты бекіту үшін, биыл бес елдің президенттері Астанада саммит өткізеді деп жоспарланған. Алайда саммит тағы келесі жылға шегірілді.

Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі:

Мы подтвердили сегодня на своем политическом уровне, что есть общий настрой и понимание выходить на подписание конвенции в Астане на саммите глав государств в следующем году. Когда точно в следующем году это произойдет, сейчас сказать, наверное, будет трудно.

Ыдырысовтың айтуынша, 4 мәселе әзірге шешілген жоқ. Мәселен, теңіздің түбін бөлісу тәртібі. Ол қандай әдіспен жүргізілетіні, яғни таза техникалық тұрғыдағы сұрақтар дейді. Оған қоса, кемелердің жүруі бағыты және жүк тасымалы да әлі піспеген мәселе. Техникалық есеп пен сараптау жетіспейді. Ресейдің Сыртық істер министрі, бұл түйткілдерді сарапшылар екі ай ішінде шұғыл пысықтауы тиіс, деді. Лавров конвенция келесі жылы қабылданатынына сенімді.

Сергей Лавров, РФ Сыртқы істер министрі:

Считаю, что абсолютно реалистично нацеливаться на подписание конвенции в 2017 году. Думаю, что и в первой половине можно это сделать. По крайней мере, наши эксперты интенсивно будут работать.

Десе де, теңізді бөлісуге аз уақыт кеткен жоқ. Конвенцияда балық аулау аумағы, жүк және әскери кемелердің жүріп тұруы, теңіздің түбіндегі мұнай да бөліске түседі. Қысқасы Каспийдің әр елге тиісілі шекарасы шегеленеді.

Теңізді бөлісу тарихы тереңде. Кезінде Кеңес Одағы мен Иран ғана бөліске салса, одақ ыдыраған соң, ойыншылар саны көбейді. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 шақырымға созылып жатыр, жағалау сызығының ұзындығы - 7000 шақырым. Төрт құбыласы түгелдей құрлықпен шектеседі. Жағалау сызығының Қазақстан үлесіне - 29 пайызы (2340 шақырым), Ресейге - 9 пайызы, Әзірбайжанға - 20 пайызы, Түрікменстанға - 21 пайызы, Иран Ислам Республикасына 14 пайызы тиеді.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ