Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістандықтар жуыну бөлмесіндегі тоқтан неге үрейленіп жүр?

  • AstanaTV
  • 11 тамыз 2022
  • 1387

Түркістанда  көпқабатты үйдің тұрғыны  шомылып жатып, қайтыс болды. Әйелді тоқ соққан көрінеді. Өзге тұрғындар енді жуыну бөлмесіне кіруге қорқып жүр.

Балайым МАХАМБЕТӘЛИЕВА, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Мына 18-ші домда осындай әйел тоққа түсіп өліпті ваннада деп  естідік. Соны естігеннен кейін осындай сымнан кетіпті деп ортада қыздар айтқаннан кейін біз қорықтық. Мына ақ сым, төбеде тұрған ақ сым, мен бұны аристонның сымы деп жүргем бұрын.  

Қайғылы жағдайдан соң  мамандарды шақыртып, желіні қидыртып тастаған. Айтуларынша, онан кейін де  бір адамды тоқ соғыпты. Әйтеуір ол аман қалды дейді.  Ал құзырлылар сымдардың неліктен жуыну бөлмесі арқылы жүргізілгенін  айта алмайды.   

Алмас БАЙЖАНОВ, ТҮРКІСТАН қ. ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
                 
Одан ток жүрмейді. Просто жаңағыдай қашқан уақытта  токтар қашады ғой, әртүрлі замыкания болады. Сол кезде судан ток келетін жағдайда, ваннаға түскен ток әрі қарай тартып кету үшін жасалған. Енді ол ток әрі қарай кетпейтін болса, ваннада ішіндегі қолданатын адамға қауіп төндіруі мүмкін.
 
Шенеунік жуыну бөлмесінде бір айдың ішінде екі рет тоққа түсу жағдайын тұрғындардың электр желілерін дұрыс қолданбауы салдарынан дейді. Дегенмен,  мәселенің мән-жайын мамандармен анықтаймыз деп уәде берді.

А. Төребекқызы