Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында қантқа қатысты қылмыстық схема әшкереленді

  • AstanaTV
  • 11 тамыз 2022
  • 1240

Қостанай әкімдігі мен «Тобыл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының қызметкерлері қантты жеке кәсіпкерлерге шекті мөлшерден тыс әрі кезексіз таратқан. Жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық схеманы әшкереледі. Олардың ақпаратынша, облыстың тұрақтандыру қорынан келісін 420 теңгеге алған қантты арам ойлы кәсіпкерлер тұрғындарға белгіленген 10%-тің орнына 100% үстеме бағамен сатқан. Мұндай бармақ басты, көз қысты әрекетке «алғыс» ретінде олар әкімдік пен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация өкілдеріне 100-ден 500 келіге дейін қант жіберіп отырған.  

Айгүл МЫРЗАХМЕТОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тұрақтандыру қорындағы қойма меңгерушісінің жеке гаражын тексеру барысында 900 келі қант табылып, тәркіленген. Алынған қант тұрақтандыру қорына қайтарылған.

К. Мерей